Ақтауда әкім орынбасары қоғамдық тыңдауға 100 шелек әкелген (видео)
Жарияланған күні:
26 сәуірде "МАЭК" ЖШС Маңғыстау облыстық әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, ауыз су тарифтерін көтеруге байланысты қоғамдық тыңдаулар өткізді. Жиынға 100 шелек әкелген облыс әкімінің бірінші орынбасары жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Lada.kz.
Бастапқыда тыңдаулар дәстүрлі форматта өтіп жатқан. Бірақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев бір текше метр судың көлемі қанша екенін көрсетуді жөн көрді. Бұл үшін оған шелек керек болды. Осылайша, әкім орынбасары жастарды, жалпы халықты негізгі шаруашылық ресурсына мұқият болуға шақырмақ болған.
"Біз еш ойланбастан 498-500 теңгеге газдалмаған ауыз суды сатып аламыз. Мұнда 100 шелек бар. Оның ішінде 60 шелек су алсаңыз, MAЭK өз қуатымен оны секундына өндіре алады. Орташа талап етілетін тариф 398 теңге деп айтып жатырмыз. Мен жай ғана мысал ретінде көрсеткім келеді, бұған бәрінің де көз жеткізгенін және оның қанша екенін көзбен көргенін қаладым. Біз "текше метр" деген өлшемге өте субъективті түрде қарай бастадық. Мен үнемді болуға, объективті болуға шақырамын. Қайрат Болатұлы (МАЭК директоры) қазірдің өзінде саяжайларда тұратын кейбір адамдар, мысалы, ауыз суды пайдаланатынын айтты", - деді Жұмабай Қарағаев.
Ол сондай-ақ қазір жергілікті билік тарапынан су ресурстарын ұтымды пайдалану бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091980-aqtauda-akim-orynbasary-qogamdyq-tyngdauga-100-shelek-akelgen-video/