Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты

Жарияланған күні:

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Республика бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы қарқын алды.

Бес аптаға жоспарланған тазалық науқанының әр бөлігінің өзіне тән атауы мен мақсаты бар.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аталған акцияның "Жасыл ел" апталығы аясында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Шиелі ауданындағы өндіріс орындары "Ру-6" ЖШС мен "Semizbai-U" ЖШС-нің Иіркөл кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

"Semizbai -U" ЖШС Иіркөл кенішінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаев акцияға қатысып, игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2091983-qyzylorda-oblysy-shieli-audanyndagy-iri-kompaniialar-da-taza-qazaqstan-aktsiiasyna-ules-qosty/