Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғындардан ақша бопсалаған жалған полицейлер ұсталды

Жарияланған күні:

Қылмыскер құрықталды
Көрнекі фото: Ria.ru

Шымкентте жалған қызметтік куәлікпен жүрген жалған полиция қызметкерлері ұсталды. Өздерін тәртіп сақшысы деп таныстырғандар кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардан ақшаны бопсалап келген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, жалған полицейлер тобын ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Оларды тексерген кезде, полиция қызметкері деген жалған қызметтік куәлік табылды.

Ұсталғандардың бірі бұрын алаяқтық жасағаны үшін істі болған. Олардың ұзақ уақыттан бері жергілікті тұрғындарды қорқытып ақша бопсалап келгені анықталды.

Арна мәліметіне сүйенсек, тергеу абақтысына қамалған үш күдіктіге қатысты бопсалау, тонау және билік өкілінің атын жамылу баптарымен іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, олар он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092079-shymkentte-turgyndardan-aqsha-bopsalagan-zhalgan-politseiler-ustaldy/