Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық жасаған": Павлодарда 30 жыл бойы сот төрелігінен жасырынған азамат қолға түсті

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: pixabay.com

30 жылдан астам уақыт бойы сот төрелігінен жасырынып келген ер адам Павлодарда ұсталды. Ол Қырғызстан аумағында зорлық жасады деген күдікке ілінген. Бұл туралы ІІМ Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Басылым мәліметінше, Павлодар облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері екі күнде жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 11 адамның орналасқан жерін анықтаған.

"1991 жылы Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аумағында зорлық жасаған ер адам облыс орталығында (Павлодарда-ред) ұсталды.

Сондай-ақ РФ Түменде біздің қаламызда қарақшылық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған күдікті құрықталды", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2092178-zorlyq-zhasagan-pavlodarda-30-zhyl-boiy-sot-toreliginen-zhasyryngan-azamat-qolga-tusti/