Маңғыстауда жолдың қақ ортасында төбелескен жүргізушілер видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомМаңғыстау облысы Құрық ауылында көлік жүргізушілерінің дәл жол ортасында төбелесіп жатқаны видеоға түсіп қалып, желіде жарияланған. Бұл оқиғаға облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.
Куәгерлердің айтуынша, 28 сәуірде сағат 22.00 шамасында Құрық ауылындағы жолда екі жүргізуші арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бұған дейін Шымкентте екі көлік жүргізушісі жолда төбелесіп қалған. Төбелеске қатысушылар "ГАЗель" көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан, ол көлікті құқықбұзушылардың бірі айдап кеткен. Сот оны кінәлі деп тауып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093021-manggystauda-zholdyng-qaq-ortasynda-tobelesken-zhurgizushiler-videoga-tusip-qaldy/