"Ақша жинаған": Ақтөбедегі университет қызметкерлері мен студенттері бопсалау туралы хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАқтөбеде Жұбанов атындағы университетіндегі студенттер мен қызметкерлерден ақша жиналған. Шағымдарға байланысты ЖОО-да 22 қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
Басылым мәліметінше, тексерістен кейін жоғары оқу орнында 32 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылса, тағы жетеуі жұмыстан босатылған. Олардың қатарында кафедра меңгерушілері мен аға оқытушылар бар.
Былтыр бір топ студент университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне көмек сұрап жүгінген. Коменданттардың бірі студенттерден тұрмыстық техниканы жөндеуге және мерекелік шараларға ақша алуға мәжбүр болғаны белгілі болды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріс жүргізді, комендант өз еркімен жұмыстан босатылды. Тағы бір жағдай бойынша мұғалімдердің бірі студенттерге авторлық кітаптарын сатып алғызған. Бұл әдебиеттер кітапханада қолжетімді болса да, студенттер кітаптрды сатып алған. Оқытушыны қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарттық", - деді университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы Дархан Мүсіров.
Сыбайлас жемқорлықтан студенттер ғана емес, қызметкерлер де зардап шеккені анықталды.
"2022 жылы университет емханасының басшысы медицина қызметкерлерінен ақша жинаған, олар "жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқан соң ақша бергенін айтқан", - деп түсіндірді Дархан Мүсіров.
"Бірнеше жыл бұрын басшылық пен студенттер арасында кедергілер болды, жастар ашық айтудан, наразылық білдіруден, әділетсіздікке шағымданудан қорықты, бүгінде шағымдар тек біздің қызмет қана қабылдамайды, сондай-ақ студенттер белгілі бір сұрақтармен ректорға хабарласа алады", - деді Дархан Мүсіров.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093789-aqsha-zhinagan-aqtobedegi-universitet-qyzmetkerleri-men-studentteri-bopsalau-turaly-habarlady/