Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады": оқу-ағарту министрі мектеп түлектеріне үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қоңырау ұстаған оқушы
Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Оның сөзінше, биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сол күні 200 мыңға жуық мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау өтпек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын ескертті.

"Осыған байланысты оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам еліміздің оқушылары келесі сыныптарға көшірілсін.

Мектептің 1-10-сынып оқушыларына "Білімім Отаныма" тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамырға, жұма күніне жоспарлансын. Ол былтырғы қыркүйекте енгізілген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуға тиіс.

Оның айтуынша, Қазақстанда мамырда "Ынтымақ айы" айлығын өткізу жоспарланған. Соның аясында "Таза Қазақстан", "Игі істер", "Каникулда кітап оқиық" және т.б. шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп түлегі үшін соңғы қоңырау 25 мамырда өтетінін айтты.

"Биылғы түлектер аталған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетініне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болатыны сөзсіз.

Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқармаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093822-oqu-agartu-ministri-gani-beisembaev-mektep-tulekterine-undeu-zhasady/