Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалған емес": қазақстандықтарға 1414 нөмірінен хабарлама келе бастады

Жарияланған күні:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға 1414 нөмірінен жіберілген хабарлама жалған емес деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Egov.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік корпорация eGov пайдаланушыларына үндеу жасады.

"1414 нөмерінен келген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді.

EGov mobile мобильді қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда, сауалнамалардан өту үшін, сондай-ақ жаңалықтармен бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жібереді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері қазақстандықтарға көрсетілген сілтемеге өтіп, eGov mobile мобильді қосымшасын орнатуға болатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093837-zhalgan-emes-qazaqstandyqtarga-1414-nomirinen-habarlama-kele-bastady/