Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тасқын жағдайы қандай: ТЖМ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: I just try to tell my emotions/Getty Images

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Шәріп Асқар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздегі су тасқыны жағдайы қандай екенін айтты. Тасқын басталғаннан бері Қазақстанда 13 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды, деп хабарлады

Ведомство ақпараты бойынша, су басқан өңірлерде су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау облысының Құлсары қаласында түнгі сағат 12.00-ден бастап 148 мың текше метр су сорылды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Шәріп Асқардың айтуынша, мәліметтерді келтірді.

"7089 жеке тұрғын үй мен 2834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 932 адам өз үйлеріне оралды. 6 546 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093861-qazaqstanda-tasqyn-zhagdaiy-qandai-tzhm-okili-zhauap-berdi/