Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр, 40 градус ыстық": мамыр айында елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Pexels

Синоптиктер мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтар болжамына сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Атап айтқанда, жиі жаңбыр жауып, кей күндері найзағай ойнап, қатты жел тұрып және бұршақ жаууы ықтимал.

Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде соңы қарға ұласатын жаңбыр күтілуде.

Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасында өзгеріс болады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде ауа температурасы -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін, елдің оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін көтеріледі

Аллдің батысында түнде термометр бағаны +8+18°С-тан -3+7°С-ты, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-ты көрсетеді.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасы көтеріледі деп болжанған.

Мәселен, республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін; оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстық болады деп күтіледі.

Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ыстық басылып, солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтіледі.

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтіледі.

Синоптиктер мамыр айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093954-zhangbyr-40-gradus-ystyq-mamyr-aiynda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/