Талдықорған полициясының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Жетісу соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
2023 жылғы 12 қарашада тағылған айыптарға сәйкес Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.
Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
Сот шешімі осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот үкімімен Күштібаев Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушы "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093963-taldyqorgan-politsiiasynyng-eks-basshysyna-qatysty-sot-ukimi-shyqty/