Алматы қаласы мен облысының тұрғындарына су басу қаупі ескертілді
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы мен облысында жауын-шашынға байланысты дауылдық ескерту жариялады. Соған байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"30 сәуірдегі "Қазгидрометтен" жедел ескерту: 1-3 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Су қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді.
Айта кетейік, синоптиктер мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандардың болжамынша, мамырдың алғашқы онкүндігінде елімізде жиі жаңбыр жауады деп күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2093975-almaty-qalasy-men-oblysynyng-turgyndaryna-su-basu-qaupi-eskertildi/