Бишімбаев ісі: судья Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бірін алып тастады
Жарияланған күні:
Астанада әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты сот жалғасуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Айыптаушы тарап Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша (Қылмыс туралы хабарламау) тағылған айыпты алып тастау туралы өтініш бергендіктен, сот бұл бас тарту бойынша кеңесу бөлмесіне кетті.
Кейін судья прокурордың өтініші қанағаттандырылғанын, "Қылмыс туралы хабарламау" бабы бойынша Байжановқа тағылған айыптың алынғанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 29 сәуірде өткен сот отырысында прокурор Асхат Нұрбеков бүгін айыптаудан Қылмыстық кодекстің 434-бабын ("Қылмыс туралы хабарламау") алып тастау туралы өтініш білдіріп, тек "Қылмысты жасыруды" қалдыруды ұсынды.
Айта кетейік, бұған дейін Байжановқа тағылған бір айып алып тасталса, оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094473-bishimbaev-isi-sot-kengesu-bolmesine-kirip-ketti/