Бишімбаев ісі бойынша жарыссөз басталды: ол қалай өтеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомЭкс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады. Бүгін тараптар жарыссөзге көшті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Судья түсіндіргендей, жарыссөздің бірінші бөлімінде мемлекеттік айыптаушы, кейін айыпталушының қорғаушылары, айыпталушы, жәбірленуші және оның өкілдері сөйлейді.
Олар айыпталушының кінәсі дәлелденді ме, жоқ па деген ұстанымдарын айтады. Бұл ретте қатысушыларға айыпталушының бұрын сотталғаны, егер бар болса, оны айтуға тыйым салынады.
"Тараптар алқабилердің қатысуымен өтіп жатқан сот ісіне жатпайтын мән-жайларды айта алмайды немесе сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасай алмайды, үкім шығарған кезде осындай мән-жайлар ескеріледі", - деп түсіндірді судья.
Сот жарыссөзінің екінші бөлігі мемлекеттік айыптаушының, жәбірленуші мен оның өкілдерінің, айыпталушы өкілдері мен қорғаушы сөз алады. Онда айыпталушыға қатысты іс-әрекеттердің саралануы жаза тағайындауға қатысты ұстанымдары айтылады.
Жарыссөздің екінші бөлімі алқабилердің қатысуынсыз өтеді.
Жарыссөзде бірінші болып мемлекеттік айыптаушылар сөз сөйлейді, одан кейін жәбірленуші – Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, одан кейін зардап шеккен тараптың адвокаттары.
Зардап шеккен тараптың адвокаттарынан кейін айыпталушы Бишімбаев пен Байжанов сөз алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094548-bishimbaev-isi-boiynsha-zharyssoz-bastaldy-ol-qalai-otedi/