Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз үшін бұл – миға сыймайтын жауыздық, Бишімбаев үшін жай ғана бейсенбі": Нүкенованың ағасы жарыссөзде не айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бишімбаев соты
Бишімбаев соты. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында оның ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйледі. Ол жарыссөзде Қуандық Бишімбаев туралы айтып, алқабилерді оны түсінуге тырыспауға шақырды, деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сізге де, басқаларға да мұндай нәрсені істеу үшін қандай адам болу керегін елестету және түсіну қиын. Бұл адамның қандай да бір шешімді қалай қабылдайтынын түсіну қиын. Бірақ, тағы да айтамын, түсінуге тырысудың қажеті жоқ. Оның түсінігі басқаша қалыптасқан.

Оны түсінуге тырысудың қажеті жоқ. Бұл біз үшін миға сыймайтын жауыздық болса, ол үшін бұл жай ғана бейсенбі болды. 9 қараша ол үшін қарапайым күн. Ол өзін адамзаттың ең керемет жаратылысы санап, ал басқаларды өзіне, мақсаттарына қызмет ету құралы ретінде қарастырады. Сондықтан оның көз жасын, тәубесін, уайымын көрмейсіз. Тек күлкісін ғана көруіңіз мүмкін. Қазір көзін жұмып отырған мына кісіге бәрібір", - дейді Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді.

Ол Бишімбаев үшін адамдар – жай ғана құл екенін, олардың ойымен санаспайтынын айтты.

"Ол өзін салт-дәстүрді, заңды, мұсылмандықты құрметтейтін адам ретінде көрсетуге тырысады. Бірақ оған ішіп алып, өзінен төмен, лайықсыз деп санайтын басқалардың ар-намысын қорлау, былапыт сөз айту түк емес. Ол өзін құдайдың ерекше жаратылысы деп санайды", - деп қосты Айтбек.

Салтанаттың ағасы Нүкеновтар отбасының қателігі – Бишімбаевқа сенгендігі деп айтты.

"Алғашында білімді, ақылды, зерделі жігітті көрдік, ол басқа адам болып шықты. Біздің қателігіміз – оған сенгеніміз. Біздің қателікті қайталамаңыздар. Сіз оның алдамшы, жалған түрін көрдіңіз. Мысалы, оның телефонындаға видеоларынан-ақ білуге болады.

Оның өзін-өзі ұстауы қалай өзгеретінін, сотпен қалай сөйлесетінін, өзі тіпті сыйламайтын қорғаушыларымен қалай сөйлесетінін, әйелдермен сөйлескендегі бет-жүзіне назар аударыңыз. Ол сияқты адамдар тек күшіне ғана сенеді. Біз оның әділ жазалануын талап етеміз. Біз ешкімнің біздің орнымызда болып, бұл жолымыздан өткенін қаламаймыз", - деді Айтбек.

Ол Салтанаттың өмірі үшін соңына дейін күрескенін атап өтті.

"Салтанатты өзіне табынбағандықтан өлтірді. Өз мекемесінде барлық билік өзінде деп ойлады, жедел жәрдем шақыру туралы ой да болмаған. Ол тезірек өлсін деп қылғындырған (...)

Сол күні Салтанат одан кеткісі келді, бірақ Бишімбаев жібермей, ол кете алмай қалды (...) Ол 8 сағат бойы өмір үшін күресті. Азапталып, ауырып қараңғы бөлмеде жалаңаш жалғыз жатты, бірақ мойымай, аман қалуға тырысты. Ол күрескер болды. (...) Жедел жәрдем көлігінің жазбасын естігенде, ашуланып кеттім, өйткені олар (Бишімбаев пен Байжанов – ред. ескертпесі) оның мүрдесін мазақ етіп, өтірік көмектескен сыңай танытты", – деді Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094620-biz-ushin-bul-miga-syimaityn-zhauyzdyq-bishimbaev-ushin-zhai-gana-beisenbi-nukenovanyng-agasy-zharyssozde-ne-aitty/