Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

29 сәуірде Бишімбаев сотқа неліктен уақытылы жеткізілмеген: ІІМ жауап берді

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Айдос Рысбаев 29 сәуірде қарауыл Бишімбаевты сотқа неліктен дер кезінде жеткізбегенін түсіндірді. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер сұрағына жауап берген Айдос Рысбаев техникалық себептерді меңзеді.

"Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Автокөлік оталмай қалуы, бұзылып қалуы, дөңгелегі жарылуы мүмкін, яғни техникалық себептен (істемей қалуы мүмкін – ред. ескертпесі)", - деді вице-министр.

Ол "Бишімбаевтың өз-өзіне қол жұмсағысы келгені" және "сол күні ол өзін нашар сезінгені" туралы ақпараттан бейхабар екенін айтты.

Еске салсақ, 29 сәуірде сотта Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталуы керек еді, бірақ жарыссөздің түске дейінгі бөлігін бірнеше минуттан кейін аяқтауға тура келді, өйткені айдауыл айыпталушыларды сотқа алып бармаған. Содан кейін судья сот отырысын сағат 14:30-ға қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094680-29-sauirde-bishimbaev-sotqa-nelikten-uaqytyly-zhetkizilmegen-iim-zhauap-berdi/