"Ұятты жерлерін түгелдей видеоға түсіруге тырысқан": адвокат Нүкенова қаза тапқан күні болған сұмдық жайттарды айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомСот жарыссөзі кезінде Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Омарова Бишімбаев ұрған күнгі келіншектің өмірінің соңғы сәттері туралы сұмдық жайттарды айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оның айтуынша, қарашада көшеге жалғыз күртешемен шыққан Салтанат Нүкенова Бишімбаевқа қатты тоңып қалғанын қайта-қайта айтып, көлікке отыруына рұқсат беруді өтінген.
"Алайда Бишімбаев оның толықтай жалаңаш екенін және көшеде тек күртешемен жүргенін көре тұра, "Ұялып тұрсың ба" деп сұрайды", - дейді Омарова.
Ол 8.24-те түсірілген видео жайында да сөз қозғады.
"Салтанат толықтай жалаңаштанған, Бишімбаев оған 20 минут бойы не істегені белгісіз. Келіншегін барынша мұқатуды көздеген ол оны одан сайын қорлаған, оны еденде тыр жалаңаш еңбектеп, бірдеңе іздеуге мәжбүрлеген, бірнеше рет тіл тигізген", - дейді адвокат.
Ол сондай-ақ Бишімбаев Салтанатты жерден бірдеңе іздеуге мәжбүрлеп, дөрекі және тәкаппар түрде оның тізерлеп жүріп іздеуін талап текенін айтты.
"Сондай-ақ видеодан Салтанат жүресінен отырған кезде Бишімбаев Салтанатты одан әрі масқаралау үшін оның аяғын ашып, барлық ұятты жерін видеоға түсірмекші болып, ұялы телефонының камерасын солай қарай бағыттаған. Алайда Салтанат бар күшімен кеудесін, жауып, аяғын қысады, ал оның көзінен қорқыныш пен дәрменсіздікті көреміз", - деді Омарова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094824-uiatty-zherlerin-tugeldei-videoga-tusiruge-tyrysqan-advokat-nukenova-qaza-tapqan-kuni-bolgan-sumdyq-zhaittardy-aitty/