"Қазақстанды элиталық паразиттерден босатыңыздар": Нүкеновтер әулетінің адвокаты алқабилерге жүгінді
Жарияланған күні:
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот жарыссөзінде жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевты "элиталық паразитке" теңеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жарыссөз барысында Вранчев "саяси элитаға қатысы бар отбасынан шыққан азамат" қалайша мұндай әрекетке барғанын түсінбейтінін айтты.
"Қазір сіздердің қолдарыңызда әрбір қазақстандықтың тағдыры тұр. Бишімбаевты кінәлі деп танып, оны ешқашан бостандыққа шықпайтындай дұрыс шешім қабылдау арқылы Қазақстанды элиталық паразиттерден босатасыздар. Өйткені соның салдарынан еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл бойы алға жылжыған жоқ", - деді Вранчев.
Ол "қоғамның паразит бөлігі қай кезеңде қандай жолмен министр немесе ірі кәсіпкер болғанын білетінін, олар әлі де дәл сол жолмен болып жатқанын атап өтті.
"Бір адамды отырғызу арқылы сіздер осы процесті көріп отырған адамдарға, оның бостандыққа шығар-шықпасын күтіп отырған басқа да "Бишімбаевтарға" сабақ боласыздар. Ал егер ол бостандыққа шықса, олардың осы 30 жыл бойы жасаған бассыздығын жалғастырып, жауапкершіліктен жалтара беруіне мүмкіндік бересіздер", - деді адвокат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094857-qazaqstandy-elitalyq-parazitterden-bosatyngyzdar-nukenovter-auletining-advokaty-alqabilerge-zhugindi/