Депутат автобус жүргізушілеріне жасалатын шабуылды терроризммен салыстырды
Жарияланған күні:
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов азаматтардың қоғамдық көліктегі қауіпсіздігі мәселесін көтерді. Ол Алматыда жүргізушіге жасалған шабуылды мысал ретінде келтірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында қазақстандықтардың қоғамдық көліктегі қауіпсіздігін және өмірін қорғауды қамтамасыз ету қажет екенін айтты.
Мысал ретінде ол жақында Алматыда ер адамның автобус жүргізушісіне шабуыл жасағанын айтты. Соның салдарынан үш жазықсыз адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды.
"Қоғамдық көлікте сол көлікті жүргізетін адамға қарсы жасалған қылмыстарды қоғамдық қауіптілік деңгейі бойынша терроризм әрекетпен салыстыруға болады. Егер жасалған қылмыс салдарынан қоғамдық көлікті жүргізіп келе жатқан автобус жүргізушісі опат болатын болса, бұл міндетті түрде автобуста ішіндегі адамдардың ғана емес, жол қозғалысына қатысушы басқа адамдардың да өліміне әкеп соғады", - деді мәжілісмен.
Ол тұрақты бақылаушыларды қоғамдық көліктен шеттету туралы шешімге не негіз болғанын және үкімет қоғамдық көлік жүргізушілерін толығымен оқшаулау үшін қандай шара қабылдайтынын сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094953-deputat-avtobus-zhurgizushilerine-zhasalatyn-shabuyldy-terrorizmmen-salystyrdy/