Астанада жылу қайта беріле ме: елорда әкімі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуде суық күндері қалада жылу жүйесін қосуға бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Кездесуге келген елорда тұрғындары "пәтер суық" деп шағымданды: олардың айтуынша, бұған күн райының кенеттен суып кетуі себеп болған.
Осыған байланысты әкімге тұрғын үйлерге жылу қайта беріле ме деген сұрақ қойылды.
"Жоқ, алдағы аптада қалада ауа райы +20°C жылы болады деп күтіледі, сондықтан жылуды қайта қосу туралы ... айта аламыз ба?
Бір апта бұрын жылуды өшіру туралы өтініштер болған еді. Бізде енді ауа райы осындай", - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада бір жылдың ішінде жаңа аудан құрылатынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2094998-astanada-zhylu-qaita-berile-me-elorda-akimi-zhauap-berdi/