Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында оқушы дәретханада жан тапсырды: оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Жарияланған күні:

полиция қызметкері тұрғынның өтініш-арызын тыңдауда
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

30 сәуірде Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапты. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды. Марқұмның анасы, мекетп әкімшілігі ата-аналарға қызым көрсетіп жатыр деп шағымданды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл жантүршігірлік жағдайдан кейін ата-аналар баласын мектепке жібермейміз деп шошынып отыр. Өйткені әлімжеттік тоқтамайынша, қайғылы жағдай тағы қайталануы мүмкін дейді.

Қайғылы оқиға 30 сәуірдемектеп ауласындағы әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, оқушы әлімжеттіктің кесірінен ажал құшқан. Өйткені бұған дейін мектепте балаларға қысым көрсеткен жағдай жиі кездескенін айтады. Мектеп маңын торуылдап жүрген олар 14 жастағы Мирасты жабылып ұрған оқушылар жазадан сытылып кетпесін дейді.

Ал қайғылы оқиға болған күні мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына "жүрек талмасы ұстап қалды" деп хабарлаған.

"Жігіт қой, 14 жасқа келген сап-сау азамат. Алар белесі көп еді, баламның. "Мама, мен дәрігер боламын, екеуіміз бәрін жеңеміз" деп.. кешке бәрі естіді. Бүкіл ауыл шулады. Екі орынбасарын ілестіріп алып, ата-аналардың үйін аралаған ғой. "Айтпайсыңдар, шықпау керек, ауыздарыңнан шықпасын" деп. Ата-аналарға да қысым жасалып жатыр. Жұмыс орнының басшылығына айтып, сол ата-аналарға қысым жасап жатыр", - дейді марқұмның анасы: — Раушан Құдасова,

Куәгерлердің айтуынша, оқушы дене шынықтыру сабағы кезінде соққыға жығылған Ата-аналар бұл оқиғадан бір күн бұрын ғана осы мекттептің оқушысы шошынып ауруханаға түскенін айтады. Оны жоғарғы сыныптың оқушылары пышақпен қорқытқан көрінеді. Жантүршігерлік жағдайлардан түңілген ата-аналар мектепте бақылау жоқ екенін айтып ашуланды.

"Дәретханаға жинайды екен. Мысалы, бір бала ұрады ма, қалған он бала он рет ұрып шығады екен, әрқайсысы. Жалғыз менің балам емес, барлық бала соны айтып отыр. Неге бұны тексермейді? Неге камера жоқ ? Ертең соның орында менің балам болса ше, мен де шырылдап қалам ба?", - дейді Құмжота ауылының тұрғыны Лариса Тулағанова.

Оқушылардың әлімжеттікке не себеппен барып, нені бөлісе алмағаны әзірге белгісіз. Қазір полиция осы оқиғаға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова,

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095088-zhambyl-oblysynda-oqushy-darethanada-zhan-tapsyrdy-oqigaga-qatysty-zhanga-derek-shyqty/