Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда полицей формасын киіп алған тұрғынның камерадан қашқаны сәті видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Полицей формасын киіп алған ер адам
Полицей формасын киіп алған ер адам. Видеодн кадр: instagram.com/kris_p_talgar

Талғар қаласының тұрғыны полицей формасын киген ер адамды байқап, құжат көрсетуін сұраған. Алайда тұрғын жауап беруден жалтарып, қашып кетуге бел буған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_talgar парақшасы жариялады.

Видеоның сипаттамасында полиция формасын киген адамның оғаш қылығы қала белсендісінің назарын аударғаны жазылған.

"Бірнеше сұрақтан кейін ол өзінің полиция қызметкері еместігін, ал форма оның досына тиесілі екенін мойындады", - деді видео авторы.

Ер адам видеоға түсірген адамның басқа сұрақтарына жауап бермеу үшін одан қашып құтылған.

Видеоға жазылған пікірлер арасында Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рүстем Жарықбасов жағдайға қатысты түсінік берді.

"Азамат И.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, Талғар аудандық сотына жолданды", - деді Рүстем Жарықбасов

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095115-talgarda-politsei-formasyn-kiip-algan-turgynnyng-kameradan-qashqany-sati-videoga-tusip-qaldy/