Қостанайда танымал адвокат сотқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанайда экс-адвокат Олег Бранцев алаяқтық және пара беруге итермеледі деген айыппен сотталды. Оған 12 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Tobolinfo.kz.
Жергілікті басылымның Instagram-дағы парақшасында жариялаған ақпараты бойынша, 2022 жылдың қараша айында қылмыстық іс бойынша өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Ғабит Сансызбаев Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Олег Бранцевпен 600 мың теңге сомасында келісім жасасқан.
Брантцев өз клиентін алдап, үгіттеп, жағдайын "жақсарту" үшін клиентінен прокуратураға ақша аударуды сұраған. Алайда адвокаттың өзі прокуратураның бірде-бір қызметкерімен кездеспеген, қылмыстық істі қайтару мәселесін талқыламаған және келіспеген.
Алғашында ақша аударуға дайын екенін білдірген Ғабит Сансызбаев кейіннен адвокаттың бұл әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған.
Жаза тағайындау кезінде сотталушының шын ниетпен өкінуі жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болды.
Нәтижесінде сот Олег Бранцевті қызметтік бабын пайдаланып алаяқтық әрекетін жасау және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу фактісі бойынша кінәлі деп таныды. Оған параның 20 еселенген сомасы, яғни 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ Бранцевтен қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған 26 мың ресей рублі түріндегі мүлкі тәркіленіп, лауазымды қызметтер атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095748-qostanaida-tanymal-advokat-sotqa-tartyldy/