Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Марқұмның суреттерін көрсетті": Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың адвокатына ескерту жасауды сұрады

Жарияланған күні:

Айтбек Амангельды
Айтбек Амангельды. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзі жалғасуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Жарыссөзде болған мына жайттарға назар аударуыңызды сұраймын. Құсайынова ресейлік сарапшылардың материалдарын пайдаланып, соларға сілтеме жасады, соттан Құсайыноваға қатысты осы жайт бойынша қаулы шығаруын сұраймын.

Ғазымжанов Салтанаттың мәйітінің суреттерін көпшілікке көрсетуді ұйғарыпты, қазір олар интернетте жүр. Бұл кадрлар соттан сыртқа шығарылмаса екен деген жалғыз тілегім болып еді", - деді Айтбек Амангелді.

Ол ата-анасына көрсетпеуді сұраған кезде фотосуреттердің барлық жаңалықтарда көрсетілгенін айтты.

"Рамазанова қылмыстық істің барлық материалдарынан шығып, Салтанатқа ешкім ешқашан ұсыныс жасамаған деп ертегі айтты. Оны сіз қайдан білесіз өмір бойы бізбен тұрып па едіңіз?", - деді ол.

Осы тұста судья жәбірленушіге сотқа шағымдану керек екенін айтып, ескерту жасады.

"Егер қоғамдық қорғаушыларға, біріншіден, Бишімбаевтың анасына келсек, ол отбасылық іс деп есептейді, ол отбасын сарапшылардан жоғары деп есептейтін сияқты, сол күні Салтанаттың қызу болған-болмағанын сол жақсы білетін сияқты.

Ол өзін заңнан да, сарапшылардан да, басқалардан да жоғары санайды. Жарыссөз бойы бір шімірікпегені қайран қалдырады. Осыншама уақыт бойы Салтанаттың ар-намысын қорлап келіп, бізге алғысын білдіреді. Алғыс айтудың қажеті жоқ, рақметті соттан кейін айтасыз", - деді Амангелді.

Ол Байжановтың әйелі "қызым бар, қызым әкесін әлі көрген жоқ" деп жылағанын да сынға алды.

"Менің ата-анам дәл сол сияқты қызын көре алмай жүр", - деді марқұмның ағасы.

Ол Байжановқа сөзді біреу жазып берген деп есептейтінін және ол қандай эмоция салу керек екенін түсінбейтінін, мәтінді құрғақ оқып бергенін айтты. Айтбек Амангелдінің пікірінше, бұл – өзін және оның отбасын мазақ ету.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2095838-maiitting-suretterin-korsetti-nukenovanyng-agasy-bishimbaevtyng-advokatyna-eskertu-zhasaudy-surady/