Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзді қашан айтатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЭкс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов дүйсенбі, 6 мамырда сотта соңғы сөздерін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жоғарғы сот мәліметінше, айыпталушылар соттағы соңғы сөзді 6 мамырда сағат 10:00-де айтады.
Бүгін сот жарыссөзінде айыпталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.
Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).
Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096021-bishimbaev-pen-baizhanov-sotta-songgy-sozdi-qashan-aitatyny-belgili-boldy/