Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтелеком" Tele2 мен Altel-ді сататын болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ұялы телефон
Фото: pixabay.com

"Қазақтелеком" АҚ акционерлері Tele2 және Altel бойынша Mobile Telecom-Service акцияларының 100 пайызын сату туралы шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның ақпараттық хабарламасында акционерлер жиналысының шешімімен "Қазақтелеком" АҚ-на тиесілі ЖШС-дегі қатысу үлесін 100 пайыз сату арқылы "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-нің мүшеліктен шығу туралы шешім қабылданғаны айтылған. Компанияны Power International Holding (PIH) сатып алған.

Бұған дейін БАҚ Power International холдингі Tele2/Altel ұялы байланыс операторына иелік ететін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС сатып алуға ниетті екенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Қазақстандағы "Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін операторлардың бірін сату туралы әңгіме тараған.

2024 жылы ақпан айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев катарлық Power International холдингінің иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096216-qazaqtelekom-tele2-men-altel-di-satatyn-boldy/