Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қарт анасына қол көтерген ер адам жазаланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қолына кісен таққан ер адам
Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

Алматы тұрғыны қарт анасына қол көтергені үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы жоспарланды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Instagram желісіндегі парақшасында ұлы жиі соққыға жыққан әйел туралы ақпарат пайда болды. Дина Таңсәрінің айтуынша, соңғы рет жантүршігерлік жағдай 1 мамырда түстен кейін болған.

"Көрші үйдің адамдары көшеде келе жатқан кезде көмек сұраған дауысты естіп, пәтерді табуға асыққан. Көмек сұраған дауыс шыққан пәтер табылған кезде ол (кінәлі - ред.) кілтпен есікті ішінен ашып, шығып кетпекші болған. Есік құлпын жиі бұза бергендіктен есік сынық күйде болған, әже құлыптарын үнемі ауыстыратын, бірақ ұлы оларды үнемі бұзатын", - делінген желіде жарияланған жазбада.

Бұл ретте Таңсәрінің айтуынша, қарт әйелдің көршілері бірнеше рет полицияға жүгінген.

Алматы полиция департаментінің өкілдері бұл жайтқа қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, бұған дейін шығарылған қорғау нұсқамасы бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сонымен қатар 13 мамырда Медеу аудандық азаматтық сотында оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтеді деп жоспарлануда", - деді полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096750-almatyda-qart-anasyna-qol-kotergen-er-adam-zhazalandy/