Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты: келесі сот отырысы 10 мамырда өтеді
Жарияланған күні:
Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы 10 мамырда өтеді. Бүгін ол сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгінгі өткен сот отырысында айыпталушылар Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөзін айтты.
Осыдан кейін судья Айжан Құлбаева үзіліс жариялап, келесі сот отырысы 10 мамырда сағат 10:00-де өтетінін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096762-bishimbaev-pen-baizhanov-sottagy-songgy-sozin-aitty-kelesi-sot-otyrysy-10-mamyrda-otedi/