Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі: экс-министрдің қорғаушысы БАҚ өкілдерін сотқа бермек

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бишімбаев пен Байжановтың адвокаттары
Бишімбаев пен Байжановтың адвокаттары. Фото: t.me/Jogargy_sot

Адвокат Назкен Құсайынова бүгін сот кулуарында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары сот процесін жариялауға қатысты БАҚ өкілдерін сотқа бермек ниетте екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова журналистерден бұл процесті қалай жариялағанын сұрады.

"Бұл процесті қалай жарияладаңыздар? Екі жақты қамтыдыңыз ба? Түсінікті, екі жақты, бірақ сіздер өзіңізге қалай ыңғайлы, солай жарияладыңыздар. Өйткені жарты жыл бойы бізді қаралаумен айналысып келеді", - деді ол.

Құсайынованың айтуынша, тапсырыс беруші кім екенін және оны кім жасап жатқанын анықтау үшін көп уақыт қажет.

"Егер менде нақты ақпарат болмаса, мен ештеңе айта алмаймын. Менің қолымда нақты ақпарат болған кезде, оны жарыққа шығарамын: қаралаумен кім айналысып жатқанын және жалпы Бишімбаевтар отбасына қарсы ақпараттық күреспен кім айналысқанын анықтап жатқан адамдар бар. Осы мәселе бойынша ақпараттар, материалдар жиналып жатыр. Процесстен кейін міндетті түрде осымен айналысамыз", - деді Назкен Құсайынова.

Журналистер қорғаушылардың сотқа беретін-бермейтінін нақтылады.

"Міндетті түрде", - деді адвокат.

Еске салсақ, бүгін сотта сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096921-bishimbaev-isi-eks-ministrding-qorgaushysy-baq-okilderin-sotqa-bermek/