Армения мен Әзербайжан келіссөздері Алматыда қашан өтетіні белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском6 мамырда брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлігі басшыларының келіссөзі қашан өтетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Бұған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлігі басшылары келіссөздері 2024 жылғы 10 мамырда Алматыда өтеді", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ресми өкіл келіссөз жабық түрде өтетінін айтты. БАҚ өкілдері келіссөздің ашылуына ғана шақырылады.
Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрліктерінің ресми өкілдері де кездесудің 10 мамырда өтетінін хабарлаған.
"10 мамырда Алматыда Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз өтеді", - деп хабарлады Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айхан Хаджизадав X әлеуметтік желісінде.
Бұл ақпаратты Хаджизаданың Армениядағы әріптесі Ани Бадалян да растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097005-armeniia-men-azerbaizhan-kelissozderi-almatyda-qashan-otetini-belgili-boldy/