Қазақстандықтар демалыс күндері жұмыс жасауға міндетті ме
Жарияланған күні:
Әдетте мереке күндері жұмыс тек қызметкердің келісімімен ғана рұқсат етіледі. Дегенмен ерекше жағдайлар да болады, мысалы, төтенше жағдай кезінде. Бұл жағдайда жалақыға ақша қосылуы тиіс. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.
Қазақстандықтар алда үш күн демалады: 7, 8 және 9 мамыр. Алайда бұл күндері барлық қызметкер демалмайды, себебі ҚР Еңбек кодексінде (ҚР ЕК) мереке күндері жұмыс істеуге тура келетін түрлі жағдайлар да қарастырылған.
"Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге қызметкердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде рұқсат етіледі", - деп атап өтті "Право знать" Telegram-арнасының авторы ҚР Еңбек кодексінің 85-бабына сілтеме жасап.
Яғни мереке күндері адамдарды жұмысқа ешкім мәжбүрлей алмайды, бірақ Кодекстің 86-бабында жұмыс берушіге өз қызметкерлерін олардың келісімінсіз жұмысқа тартуға мүмкіндік беретін ерекшеліктер көрсетілген:
Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:
- төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
- еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;
- тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.
Яғни барлық жағдай да басшылыққа байланысты емес. Сондай-ақ егер олардың кезекшілігі мереке күндеріне түссе, ауысым кестесі бойынша немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмысқа тарту кезінде қызметкерлердің жазбаша келісімі және жұмыс берушінің актісі талап етілмейтінін атап өткен жөн.
Бұл ретте демалыс немесе мереке күндері жұмыс берушіге тиісті анықтама берген жүкті әйелдерді жұмысқа тартуға тыйым салынады.
Қалған қазақстандықтарға демалыс немесе мереке күндері жұмыс істегеннен кейін ҚР ЕК-нің 109-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін қызметкерге оның қалауы бойынша басқа демалыс күні берілетінін немесе төлем жасалатынын есте ұстаған жөн.
Мұндайда жұмыс жоғары тариф бойынша – еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс берушінің акт талаптарына сәйкес, бірақ қызметкердің тәуліктік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес мөлшерде төленеді.
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс беруші қызметкерге басқа жағдайларда, мысалы, жалақысы кешіктірілген кезде қосымша ақы төлеуі керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097047-qazaqstandyqtar-demalys-kunderi-zhumys-zhasauga-mindetti-me/