Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрі шетелдіктер үшін жанармай бағасын көтеру туралы бұйрыққа қол қойды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Автокөлікке жанармай құю станциясы
Автокөлікке жанармай құю станциясы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы шекті бағасын өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл ретте баға тек шетел азаматтары үшін көтеріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министр қол қойған құжат 6 мамырда НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің ресми сайтында жарияланды.

Бұйрық бойынша жанар-жағармай құю станцияларында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге мынадай шекті бағалар белгіленді:

1) Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

2) Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 245 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

3) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 315 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.».

Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң күшіне енетінін ескертілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097365-energetika-ministri-sheteldikter-ushin-zhanarmai-bagasyn-koteru-turaly-buiryqqa-qol-qoidy/