Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілді
Жарияланған күні:
Атырау облысында дүйсенбінің кешінде Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді. Облыс орталығының аумағында бес сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау облысы бойынша ТЖ жедел штабының хабарламасына сәйкес, 7 мамырда сағат 20:00-дегі жағдай бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейінің өзгеруі:
- Индербор ауылында 17 см, су деңгейі – 939 см, қатерлі деңгей – 845 см;
- Махамбет ауылында 8 см, су деңгейі – 886 см, қатерлі деңгей – 850 см;
- Атырауда 5 см, су деңгейі – 510 см, қатерлі деңгейі – 550 см;
- Жаңаталап ауылында 2 см, су деңгейі – 365 см, қатерлі деңгейі – 500 см;
- Еркінқала ауылында 2 см, су деңгейі – 325 см, сыни деңгейі – 450 см.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097584-atyrau-oblysynda-zhaiyq-ozeninde-su-denggeii-koterildi/