"Екі өңірде 100 пайызға толған": министрлік елдегі су қоймаларының жағдайын баяндады
Жарияланған күні:
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері елдегі су қоймаларындағы жағдайды баяндады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92 пайызға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100 пайызға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100 пайызға толы. Нысандар транзиттік режимде жұмыс істейді. Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Су ағыны төмендеп жатыр.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 96 пайыз. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83,6 пайыз.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 48,6 пайызға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне су ағыны жалғасуда.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99 пайызға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92 пайыз. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
"Су қоймаларында "Қазсушар"мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасып жатыр. Су қоймаларында жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097635-eki-ongirde-100-paiyzga-tolgan-ministrlik-eldegi-su-qoimalarynyng-zhagdaiyn-baiandady/