Қостанай облысында полиция қызметкерінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды
Жарияланған күні:
Қостанай облысында тұрғын үй ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Оның Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімінде криминалист болып жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Полиция бөлімшесінің хабарлауынша, оқиға кезінде ол жыл сайынғы еңбек демалысында болған.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Сотқа дейінгі тергеудің барысы ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098946-qostanai-oblysynda-politsiia-qyzmetkerining-maiiti-oz-uiining-aulasynan-tabyldy/