Алматыда аудармашы жалақысы кешіктірілгені үшін сот отырысына келмей қойды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін Алматы қалалық сотында 6 жастағы қыздың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бірақ аудармашы жалақысы кешіктіріліп жатқанын айтып, сотқа келмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Еске салайық, 6 жастағы Лиза Пылаеваны өлтірді деген күдікке ілінгендердің бірі – бағбан Уктаб Махмудов. Сот отырысында ол аудармашының қызметін пайдаланады.
Алайда бүгінгі сот отырысына аудармашы келмеген. Судьяның айтуынша, аудармашы жалақысы 2024 жылдың наурызынан бері кешіктіріліп жатқандықтан сот отырысына қатысудан бас тартқан.
"Аудармашылардың қызметі үшін төленетін жалақы кешіктіріліп жатқандықтан, олар бүгіннен бастап сот отырысына қатыспауға шешімін қабылдады. Сот пайымдауынша, бұл сотты құрметтемеу әрі өз міндеттерін орындамау", - деді судья Бақытжан Бәкірбаев.
Сонымен қатар судьяның сөзінше, аудармашы таңертең шарт қоймай сотты алдын ала хабардар етуге тиіс. Судья аудармашының жауапкершілігі туралы мәселе келесі сот отырысында шешілетінін айтты. Осылайша, айыпталушы Махмудовтан бүгін жауап алынбайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099396-almatyda-audarmashy-zhalaqysy-keshiktirilgeni-ushin-sot-otyrysyna-kelmei-qoidy/