Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте отырыстан алкогольге мас күйде шыққан ер адамның басы дауға қалды

Жарияланған күні:

Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша көлікте келе жатқан күдікті
Көлікте келе жатқан күдікті. Видеодан кадр: polisia.kz

Шымкентте алкогольге мас күйде болған ер адам бөтен азаматтың көлігін ұрлап кеткен. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлады.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, тәртіп сақшылары ұрланған темір тұлпарды тауып, заңды иесіне қайтарған. Аталған жайт жексенбіде таңертең болған.

"Достарымен өткізген көңілді бас қосудан кейін 29 жастағы жергілікті тұрғын бөтеннің көлігін айдап кету шешімін қабылдаған. Ол жақын маңда тұрған "тоғыздық" (ВАЗ-21099 "Спутник" – ред. ескертпесі) көлігінің есігін бұзып ашып, сымдарын қосу арқылы оталдырған.

Көлігі жоғалғанын байқаған иесі бұл туралы бірден полицияға хабарлаған. Темір тұлпарды іздеуге полиция департаментінің ЖБО бейнебақылау инспекторлары кірісті", - делінген хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, күдікті ұрланған көлікті Тұран ауданы аумағындағы үйлердің бірінің алдында қалдырып кеткен. Кейін патрульдік полицейлер жаяу кетіп бара жатқан азаматты ұстады.

Ол мас күйде болғанын айтып, ақталғысы келген. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ер адам алкогольге мас күйде болғаны расталғаннан кейін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Қазіргі таңда көлікті заңсыз айдап әкету дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099444-bireuding-koligin-aidap-ketken-shymkentte-otyrystan-alkogolge-mas-kuide-shyqqan-er-adamnyng-basy-dauga-qaldy/