Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тасқыннан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге жұмыссыздар тартылмақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құрылыс үстіндегі ғимараттар
Құрылыс жұмыстары. Көрнекі фото: astana.gov.kz

Жұмыссыз қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша жұмысқа орналаса алады. Жаңа жоба туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Су тасқыны Қазақстанның бірнеше облыс тұрғындарына көп залал тигізген. Көптеген азамат мүлкінен айырылып, кейбірі тіпті баспанасыз қалды. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін ақша мен жұмыс күші қажет.

Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Бірге салайық" жобасын ұсынды. Жоба аясында жұмыссыз қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмысқа орналаса алады.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, кез келген адам Электрондық еңбек биржасының сайтына кіріп, сайтта жарияланған бос жұмыс орындарын тексреріп, кез келген қол жетімді қызметке орналасуға өтініш беріп, еңбекке жарамдылықты анықтау бойынша әңгімелесуден өте алады.

Сондай-ақ Қазақстан азаматтары сайтта түйіндемелерін қалдыра алады. Зардап шеккен аймақтарға білікті мамандардан бөлек, арнайы білімі жоқ адамдар да қажет: жұмысшылар, прорабтар, инженерлер, құрылысшылар, ағаш ұсталары, дәнекерлеушілер мен электриктер.

Enbek.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, елдің тасқыннан зардап шеккен жеті өңірінде қазақстандықтар үшін 42 жұмыс орны қарастырылған. Кез келген қазақстандық биржаның ресми сайтынан тиімді жұмыс таба алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099603-qazaqstanda-tasqynnan-zardap-shekken-ongirlerdi-qalpyna-keltiruge-zhumyssyzdar-tartylmaq/