Атырау облысында бөгеттерді бұзған адам жазаланды
Жарияланған күні:
Атырауда төтенше жағдай жариялануына байланысты Жайық жағасына және Жайықтан таралатын өзектердің бойына жасалған барлық дамбы қадағалау қатаң бақылауға алынды. Бөгетті бұзған кәсіпкерге айыппұл салынған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, Махамбет ауданы Бейбарыс ауыл округі тұсынан ТШО мекемесінен салған дамбыларын жауапты мамамандар мен кезекшілердің тексеру барысында 11.05.2024 жылы сағат 14:00-де, жанында орналасқан Ерлан шаруа қожалығы егініне су алу үшін бөгетті өз еркімен тесіп, құбыр өткізіп, сорғышпен су алып жатқаны анықталды.
"Су алу кезінде дамбы астындағы су кұбыры тесіліп, зиян келтірілген. Осыған байланысты шаруа қожалығы иесі өзі барлығын жасап, келтірілген зиянды толықтай қалпына келтірілді. Құқық бұзушылық жасаған кәсіпкерге Әкімшілік кодекстің 505-бабына сәйкес хаттама толтырылып, айыппұл салынды", - делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік өкілдері ұазіргі таңда осындай құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатырғаны хабарлады.
Сондай-ақ заңбұзушылық анықталса төтенше жағдай талаптарына сай қатаң шара қолданылатынын ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099705-atyrau-oblysynda-bogetterdi-buzgan-adam-zhazalandy/