Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тұрғын үйлердің бірінің қасбеті баланың үстіне түсті: полиция қылмыстық іс қозғады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/myastanacity

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің қасбеті сыртқа шығып бара жатқан баланың үстіне құлап кеткені үшін елордалық полицейлер қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша Нұра аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, желіде үйдің қасбетінің бір бөлігі баланың басына опырылып түскені көрсетілген видео тараған болатын. Кадрлардан үйдің қасбетінің бір бөлігінің подъезден жаңа ғана шыққан баланың үстіне қалай құлап түскенін көруге болады.

Астана әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайы туралы айтты. Бқл жағдай Астанада 12 мамырда болған. Дәрігерлер баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деп бағалап, оны амбулаторлық емдеуге жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099768-astanada-turgyn-uilerding-birining-qasbeti-balanyng-ustine-tusti-politsiia-qylmystyq-is-qozgady/