Алматыдағы жер учаскесі және жылжымайтын мүлік: Бишімбаевтың мүлкі қайтарылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомСотта Бишімбаевтың жылжымайтын мүлкіне тыйым салу тоқтатылып, айғақ болған көлік қайтарылды. Судья сотталушыдан не өндірілгенін де жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бишімбаевтан сот сараптамасын жүргізуге кеткен 2 306 380 теңге, Байжановтан 3 324 теңге процессуалдық шығын мемлекет пайдасына өндірілсін. Жәбірленушілердің өтемақы қорына Бишімбаевтан 30 АЕК 103 500 теңге мәжбүрлі төлем алынсын. Байжановтан – 69 мың теңге сомасында 20 АЕК өндірілсін.
Тергеу соты Бишімбаевтың Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы жер телімі түріндегі мүлкіне, Алматының Бостандық, Медеу және Наурызбай аудандарындағы жылжымайтын мүліктеріне қатысты аресттің күшін жойды. Астана полициясы басқармасының коммуналдық тұрағында орналасқан ақ түсті Land Cruiser 200 көлігі түріндегі заттай айғақ сотталған Бишімбаевқа немесе оның жақын туыстарына қайтарылуға тиіс", - деді судья Айжан Құлбаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099807-almatydagy-zher-uchaskesi-zhane-zhylzhymaityn-mulik-bishimbaevtyng-mulki-qaitaryldy/