Қазақстанда шетелдіктер үшін жаңа виза енгізілмек
Жарияланған күні:
Читать на русскомТуризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев министрлер кабинетінің отырысында шетелдік туристерді елге қалай тарту керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Туризм және спорт министрі туристердің көптеген шағымы визалық және көші-қон режимі мәселелеріне қатысты екенін мойындады.
Сондай-ақ ол виза алуды жеңілдетіп, визалық және көші-қон режимін цифрландыру арқылы дамыту керегін айтты.
"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, шетел азаматтары үшін заман талабына сай көшпенділерге арналған визаны енгізу мәселесі талқыланып жатыр... қолданыстағы атауы – Neo Nomad Visa. Бұл жоба шетел азаматтары үшін ұзақ уақыт бойы елде болуға рұқсат етуге бағытталған.
Мұны жүзеге асырудан экономика саласында оң нәтиже – жыл сайын 3 миллиард теңгеден астам табыс күтіледі. Қазіргі уақытта Neo Nomad Visa жүйесін енгізу механизмі әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілді", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100191-qazaqstanda-sheteldikter-ushin-zhanga-viza-engizilmek/