Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімінің экс-орынбасары ҰҚК қызметкеріне пара берді деп айыпталды: ол ауруханаға түсіп қалған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мақсұт Исахов
Мақсұт Исахов сот отырысында. Фото : otyrar.kz

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов сот отырысына онлайн режимде қатысып жатыр. Ол денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп қалған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҰҚК басшысының бірінші орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деп айыпталған бұрынғы орынбасардың ісін қарауды жалғастырып жатыр.

Экс-шенеунік өзіне тағылған айыппен келіспеді.

Айыпталушы бүгінгі сот отырысына онлайн түрде қатысты. Ол денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары былтыр шілде айында ұсталған болатын. Ол сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100503-shymkent-akimining-eks-orynbasary-uqk-qyzmetkerine-para-berdi-dep-aiyptaldy-ol-auruhanaga-tusip-qalgan/