"Бала көмекке мұқтаж болған": әкім Павлодардағы мектепте болған оқиға туралы пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБұған дейін Павлодардағы мектептердің бірінде егде жастағы мұғалім мен оқушы жарақат алған болатын. Оның сыныптасы ұсталды. Қала әкімі әлеуметтік желіде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жақында Павлодардағы мектептердің бірінде оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алған болатын.
Кейін 59 жастағы мұғалім иық пен кеуде тұсындағы пышақ жарақатымен, 16 жастағы жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенгені белгілі болды.
Жедел жәрдем зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Instagram-дағы парақшасында оқиға туралы пікір білдірді.
"№14 мектепте болған оқиға жауапты қызметтердің кемшіліктерінен болуы мүмкін екенін мойындауға тура келеді. Сыныптасы мен мұғалімін жарақаттаған бала психологтар мен мұғалімдердің көмегіне мұқтаж болғаны қазір белгілі болып отыр. Мектеп басшылығы мұны байқамаған. Жасөспірім сабаққа пышақты қалай алып кіргенін де ешкім байқамаған. Айта кетерлігі: білім беру мекемесі бұрын террористік лаңкестікке бейім нысан ретінде тексерілген, оның күзетіне қатысты маңызды ескертулер жасалған, бірақ ешкім кемшілікті жоймаған", - дейді ол.
Оның сөзінше, мұндай жағдай қаладағы тек осы мектепте ғана қалыптасқан жоқ.
"Бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты мәселелер бар. Бізге ұнамайтыны – мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы қарт күзетшілерді тарту үрдісі қалыптасқан. Мектеп директорлары мен білім саласындағы шенеуніктердің оқушылармен болған келеңсіздіктерді жасыру әрекеттері бар.
Бірақ балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдардың бірлескен, нақты үйлестірілген жұмысы жоқ. Оны ұйымдастыру менің тапсырмаларымның бірі болды", - деді ол.
Қала әкімінің айтуынша, білім беру бөліміндегі қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің штатын кеңейту шаралары қабылданады, прокурорлар қолайсыз отбасылар мен агрессия танытатын балаларды бақылауға алады, ал қала мектептерімен полицияның жедел уәкілдері жұмыс істейді.
"Бұл бүгінгі жиынның нәтижесінде алға қойған міндеттердің бір бөлігі ғана. Олардың орындалуына сұраныс қатал болады, мен кепілдік беремін", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100662-bala-komekke-muqtazh-bolgan-akim-pavlodardagy-mektepte-bolgan-oqiga-turaly-pikir-bildirdi/