Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" басшысы қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русском"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы ауысты. Мағзұм Мырзағалиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін Басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген. Сондай-ақ, Қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.
2006-2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды. Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.
2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды. "Құрмет" орденімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100833-magzum-myrzagaliev-qazmunaigaz-basshysy-qyzmetinen-bosatyldy/