Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғымды сындырды": Алматыда белгілі PR маманы күйеуі ұрып-соққанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының тұрғыны, PR саласының белгілі маманы Шынар Жәнібекова күйеуі соққыға жыққанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, күйеуі оның аяғын сындырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шынар Жәнібеков өз оқиғасын Facebook-тегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, 8 мамырда күйеуі тағы да қол көтерген. Жәбірленуші полиция шақырған.

Ол сол күні күйеуі қуып, көшеге жалаңаяқ жүгіріп шыққанын айтты. Сөзінше, күйеуі оны құлатып, тепкілей бастаған.

"Кенже ұлым оны көріп, айғайлай бастады. Баламыз екеуміз көршілерге көршілер қашып кетіп, полиция шақырдық. Күйеуім тәртіп сақшылары келген кезде де қоқан-лоқы көрсетті", - деді ол.

Арыз жазған Шынар Жәнібекова учаскелік полиция қызметкерінен әрі қарай болатынын сұраған. Олар күйеуін үш сағатқа қамауға алатынын айтты. Келесі күні күйеуі ата-анасымен келген, алайда ол үйге кіргізбегенін айтты.

"Өз эмоциямды айтып жеткізу қиын, өйткені мұны тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер ғана түсінеді. Олар жақындаған, өлтіреді деген қорқыныш болады.

Учаскелік полиция қызметкері төрт күннен кейін ғана жексенбі күні қоңырау шалып, маған 30 күн бойы бір-бірімізге қоңырау шалмаймыз, жзбаймыз, сөйлеспейміз деп қол қойғызды... 30 күннен кейін күйеуім келеді екен. Ал мен бұған кедергі жасай алмайды екенмін. Ал полицияны ол қол көтерген кезде ғана шақыра алатынымды айтты. Видеоға, диктофонға жазып алуым керек. Әйтпесе, жалған шақырту үшін айыппұл салынады деді", - деп жазды ол.

Полиция қызметкері оның күйеуі бұрынғы ІІМ қызметкер екенін еске салған. Жәнібекова шынымен елімізде әйелдер қорғалған ба, деп түйіндеді жазбасын.

Ал Алматы полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді.

"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жәбірленушінің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар одан аңшы мылтығы тәркіленді. Бұл ретте әйелдің басқа да уәжі жүргізіліп жатқан қызметтік тергеу барысында тексерілетінін хабарлаймыз", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101466-aiagymdy-syndyrdy-almatyda-belgili-pr-mamany-kuieui-uryp-soqqanyn-malimdedi/