"Қастандық жасаймын деп қорқытып, бопсалаған": полицейлер ШҚО тұрғынын ұстады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомШығыс Қазақстан облысының тұрғыны полицияға арызданды. Оның айтуынша, күдікті оны бопсалап, дене жарақатын келтіремін деп қорқытқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жергілікті тұрғын өзі үшін ғана емес, жақындары үшін де алаңдағандықтан, ШҚО полицейлеріне жүгінген.
"Жәбірленуші тәртіп сақшыларына ер адам физикалық күшін пайдаланып, оның өзін ғана емес, отбасын да қорқытып, одан 1 миллион теңге бопсалағанын айтты", - деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, 200 мың теңгені аудару барысында 37 жастағы өскемендікті ұстады.
Жедел уәкілдердің айтуынша, ұсталған тұрғын бұрын да сотталған.
"Ол кінәсін мойындады, күдіктіден оның заңсыз әрекетін растайтын ақша тәркіленді", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Бопсалаумен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бопсалаудың құрбаны болғандар 102 жедел арнасына қоңырау шалуы керек", - деп еске салды ШҚО полиция департаменті өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101505-qastandyq-zhasaimyn-dep-qorqytyp-bopsalagan-politseiler-shqo-turgynyn-ustady-video/