Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді Қазақстанда сахнада бейәдеп сөз айтқан жұлдыздар жазаға тартылады

Жарияланған күні:

Читать на русском
микрофон
Микрофон. Көрнекі фото: pixabay.com

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі жұлдыздардың сахнада өзін бейәдепті ұстауына тыйым салуға қатысты қаулы жобасын жариялады – ведомство жұлдыздардың жауапкершілігін арттырмақ. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаулы жобасы авторларының айтуынша, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде әртістердің көрермендермен байланыс орнату кезінде орынсыз мінез-құлқы, әртістің мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысындағы әдепсіз мінез-құлқы, бейәдепті сөздерді қолданғаны, алкоголь ішімдігін ішкені, алкогольге және/немесе есірткіге мас күйде болғаны, сондай-ақ психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларды қолданғаны үшін жауапкершілік енгізілмек.

Ұсынылып отырған нормативтік құқықтық актіні енгізудің негізгі мақсаты – халықтың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ концерттік қызмет пен концерттік-ойын-сауық іс-шараларды ұйымдастыру сапасын арттыру.

Қаулы құжатында жеке тұлғаларға 150 АЕК (553 800 теңге), заңды тұлғаларға 300 АЕК (1,1 млн теңге) көлемінде айыппұл салу ұсынылды.

Ал бір жыл ішінде мұндай заң бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (738 400 теңге), заңды тұлғаларға 600 АЕК (2,2 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2022-2024 жылдары шетелдік және отандық әртістердің қатысуымен, сонымен қатар Қазақстан аумағында концерт ұйымдастырушыларға қатысты даулы оқиғалар ірі қоғамдық резонанс тудырған және әлеуметтік желіде көптеген теріс пікір қалыптастырған.

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылы да осыған ұқсас заң жобасы қабылданған болатын. Оның нормаларына сәйкес, өнер иелері өзін бейәдепті ұстамауы керек еді, аталған нормалардың ішінде өнер иесіне мас күйде сахнаға шығуға тыйым салынуға тиіс болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101661-endi-qazaqstanda-sahnada-beiadep-soz-aitqan-zhuldyzdar-zhazaga-tartylady/