Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқалыңа чемодан ал": Алматыдағы сауда үйлерінің біріндегі жарнама қазақстандықтардың ашуын келтірді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Grand Park сауда орталығындағы жарнама
Grand Park сауда орталығындағы жарнама: t.me/buzyqmedia

Танымал сауда-ойын-сауық кешенінің әлеуметтік желісінде жарияланған жарнама қазақстандықтардың ашуына тиді. Бұл жайтқа әкімдік өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы Grand Park сауда ойын-сауық кешенінің Instagram-дағы ресми парақшасында "Тоқалыңа чемодан ал, бәйбішеңе тегін" деген жазумен байқау жарнамасы жарияланды.

Жарнамадағы жазба желі қолданушыларының ашуын келтірді.

"Әйелдерді қорлау ма? Қайдағы тоқал? Бұл не деген сөз? Қара пиар ма? Бұл үшін жазаға тарту керек деп есептеймін! Бұл отбасылық құндылықтар мен зайырлы мемлекет мәртебесіне қайшы келеді!", "Бір-бірін жақсы көріп, бақытты күн кешіп жатқан отбасы институтын нығайту керек. Ал мұнда керісінше. Қалжыңды да орнымен қолдану керек", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Дүкендегі бұл жарнаманың суретін Telegram-дағы Buzyq арнасы жариялаған.

NUR.KZ тілшісі Алматы әкімдігі мен Grand Park сауда орталығының өкілдеріне хабарласты.

"Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде басқармаға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмеген. Осыған байланысты жарнаманы орналастыру басқармамен келісілмеген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде әкімшілікке Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөнінде ұсыным беріледі.

Еске салсақ, заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол берілед", - делінген әкімдік жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101844-toqalynga-chemodan-aper-almatydagy-sauda-uilerining-birindegi-zharnama-qazaqstandyqtardyng-ashuyn-keltirdi-foto-video/