Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балық шаруашылығы комитетінің экс-төрағасына қатысты іс сотқа жіберілді

Жарияланған күні:

тергеу изоляторы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бұрынғы төрағасына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдік бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу соты күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдана отырып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданған.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2102171-ashm-balyq-sharuashylygy-komitetining-toragasyna-qatysty-tergeu-aiaqtaldy/